Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерде сыйлық пайда болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мерекелер маусымы (оның ішінде менің туған күнім де бар) жақындап қалды және бүгін біз сыйлықтар шығарамыз!" – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Павел Дуров сыйлықтар жақындарыңызды маңызды оқиғамен құттықтаудың тамаша тәсілі екенін атап өтті.
"Сыйлық алушылар оларды профилінде көрсетуді немесе жұлдызға сатуды таңдай алады (ішкі валюта – шамамен)", – деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, кейбір сыйлықтар шектеулі мөлшерде ғана қолжетімді.
"Жыл соңында біз бұл сыйлықтарды TON негізінде шектеулі шығарылымдағы NFT-ге түрлендіру мүмкіндігін енгіземіз. Пайдаланушылар осы токенизацияланған сыйлықтарды Telegram-нан тыс жерде аукционға шығарып, сата алады, бұл ретте меншік құқығы блокчейнде тіркеледі", – деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Павел Дуров биыл мессенджердегі модерацияны "сын саласынан мақтау саласына" ауыстыруға уәде берген еді. Ол бұдан былай Telegram-да "жақын адамдар" (People Nearby) мүмкіндігі болмайтынын хабарлады. Оның айтуынша, бұл мүмкіндікті Telegram қолданушыларының 0,1 пайызынан азы пайдаланған, сондықтан да осындай шешім қабылданды, оған қоса "боттар мен алаяқтармен проблема болды".
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!