Алматы қаласының Полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы Полиция департаменті қалада 2012 жылы Тараз қаласында болған оқиғаға қатысты "Капитан Байтасов" көркем фильмі түсіріліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта Алматы Полиция департаментінде түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түсірілім кезінде бос патрондар атылып жатқан көріністер болады (16:30-дан 19:30-ға дейін).
Осыған байланысты, Алматы қалалық Полиция департаменті азаматтардан түсіністік танытуларын сұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!