Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?
Фото: Freepik.com

Қазір пәтерін жалға беріп, оны табыс көзіне айналдырып отырған адам көбейген. Мұндай кәсіппен айналысатындар дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек пе? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БЖТ төлеуші болу

Маманның айтуынша, мынадай шарттар орындалса, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емессіз:

  1. сізге жұмыс істейтін қызметкер жоқ;
  2. пәтеріңізді тек жеке тұлғаға жалға беріп отырсыз;
  3. сіздің жылдық кірісіңіз 1175 АЕК-тен, яғни 4 053 750 теңгеден аспайды.

Бұл ретте тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. Тұрғын үй - белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй бірлігі.

БЖТ төлейтін азамат тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайды жалға бере алмайды. Яғни БЖТ төлеушіге мүлікті заңды тұлғаға жалға беруге тыйым салынады.

"Осындай жағдайлар болса, сіз ҚР Салық кодексінің 774-бабында көрсетілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей аласыз. Бұл төлемді егер сіз қалада тұратын бослаңыз айына 1 АЕК(3 450 теңге), ал ауылды жерде тұратын болсаңыз 0,5 АЕК(1 725 теңге) мөлшерінде жасайсыз", - дейді заңгер.

@bauyr_ser Надо ли регистрироваться в качестве ИП, если вы сдаете квартиру в аренду? Пәтерді жалға беретін болсаңыз, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттісіз бе? #заңгер #юрист #қазақшазаңгер #құқықтықкеңес #юридическаяконсультация #LSgroup ♬ оригинальный звук - Бауыржан Сералин

Айта кетейік, бұған дейін пәтерді жалға алардан бұрын ескеру қажет ережелер хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көз айналасындағы әжімді қалай кетіруге болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә