"Пәтерімізден қуып шықты" деп ТikTоk түсірген келіншек жазаға тартылды

"Пәтерімізден қуып шықты" деп ТikTоk түсірген келіншекке полиция қызметкерлері хаттама толтырып, айыппұл салды. Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны TikTok-қа табиғат аясында демалып жатқан адамдардың видеосын жариялап: "Пәтерімізден қуып шықты, жалдау ақысын 500 мыңға көтеріп жіберді, біз қазір каналдың басында тұрып жатырмыз", - деген болатын. 

Полиция қызметкерлері видеоны тексеріп, жазбадағы мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін анықтаған. Ал келіншек жеке үйінде отбасымен бірге тұратын болып шыққан.

Бір сәтте мыңдаған адамның назарын аударған әйел бұл қарапайым әзіл екенін айтады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.

@massaget.kz #мобилизация#ресей#россия#қазақстан#казахстан#рек#квартиры#пәтержалдау#пәтер#хочуврек ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!