"Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымов тойда болған қызық жайтты бөлісті. Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бірде топ құрылмастан бұрын беташарға барған.
"Еркін мен Ердос екеуі мектепте бірге оқыған. Мектеп кезінен бастап ауыл аймақтағы той-томалаққа барып төселіп қалған жігіттер ғой. Еркіннің баяғыдан сондай әдеті бар еді. Бір жаққа жоқ болып кететін, адам баласы іздеп таппайтын. 3-4 күн таппай қалатынбыз. Кезекті жоғалуында беташар келіп тұр. 81 жылғы Алмас деген жігіттер бар еді. Солар "досымыз үйленіп жатыр" деп келіп тұр. Пәтерде тұрамыз, он екі мың теңге төлеуіміз керек. Ақшамыз жоқ. Беташар есігіміздің алдына келіп тұр. Еркінді іздедік, таппадық. Ердосқа қарадық та, ямаха тартқан адам бет те ашады ғой. Кеп тұрған ақшадан айырылмау керек. ...Дайындалмағанбыз. Ердосқа қарасам, жоқ. Біреудің беташарын ырың-жырың қылдық қой. Екі жарым сағат ежелеп тұрдым. Беташар бітті, банканы алдық та әрі қарай зыттық. Екеуміз ақша санадық, 12 мың теңге шығып тұр", - деп еске алды әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!