Атырау облысында пәтерлердің бірінде өрт шығып, екі бала мерт болды. Ал ересек екі адам ауруханаға түскен еді. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері олардың жағдайы қалай екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
"Әйел адамның жағдайы аса ауыр жағдайда, денесін 90-95 пайыз күйік шалған. Ер адамның жағдайы орташа ауыр. Қазіргі таңда екеуіде жансақтау бөлімінде аппартта жатыр", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында пәтерден өрт шығып, екі бала көз жұмғаны хабарланды.
25 сәуірде сағат 5:37-де Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтер толық жанып кеткенін анықтады.
"Өрт кезінде үйдің жатын бөлмесінен 2014 жылы және 2017 жылы туған екі баланың денелері табылды. Сондай-ақ, балалардың анасы - 1995 жылғы әйел мен 1994 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді", - деп жазылған Атырау ТЖД хабарламасында.
Кейінірек күдікті ұсталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!