Атырауда пәтерде ер адам өлі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның сүйегі табылды. Тұрғындардың айтуынша, мәйіттің пәтерде жатқанына 21 күн өткен. Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде белгілі болған.
Осыған дейін дәлізде қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар өз күшімен тазалдап, ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.
"Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, "Белизнамен" жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрысын білмейміз", - дейді көршілердің бірі.
Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.
Тұрғындар мұндай жағдайлардан кейін дәліз бен пәтерді санитариялық өңдеуге кім жауапты - пәтер иелері кооперативі ме, әлде меншік иелері бірлестігі ме, болмаса санитариялық қызмет пен басқа уәкілетті органдар ма деп сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!