- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Пәтерақыны көтермеңіз". Қазақстандықтар...
"Пәтерақыны көтермеңіз". Қазақстандықтар ресейліктерге қалай көмек көрсетіп жатыр?
Қазақстанға Ресейдің түкпір-түкпірінен ағылып келгендерге ел тұрғындары қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Кейбірі баспанасыз қалғандарға үй-жай тауып, тегін түскі аспен қамтамасыз етеді. Massaget.kz тілшісі Қазақстанның түрлі қаласында ресейліктерге қандай көмек көрсетіліп жатқанына шолу жасады.
Орал
Оралда кинотеатр директоры Ресейден қашқандарды кино залына түнеуге шақырды. CinemaPark кинотеатры директорының айтуынша, Ресейден келіп жатқандардың көп болуына байланысты Оралда баспана бағасы өсіп, оны жалға алу қиындап кеткен.
"Қала көшелерінен баспана іздеген Ресей Федерациясының азаматтарын көріп жүрміз, бізге келіңіздер. Ұялмаңыздар! Сіздерді кинотеатр әкімшілігі күтіп алады. Біз залды босатып береміз. Біз бәрін түсінеміз", - деді кинотеатр директоры.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Семей
Ал Семейде пабтардың бірі қиындыққа тап болған ресейліктерге тегін түскі ас пен ыстық шай ұсынады. Бұл туралы пабтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Семейліктер бұл хабарламаны өз парақшаларында бөлісіп жатыр.
"Ресейден келген отбасы жатақхана немесе пәтер іздеп жатыр деген хабарландыруларды бірнеше рет көрдік. Біз бейжай қалғымыз келмейді. Егер сізде қандай да бір қиындық немесе проблема болса, бізге келе аласыз. Біз сізді түскі ас пен ыстық шаймен қамтамасыз етеміз. Мұның бәрі тегін. Репост үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.
Мекеме қызметкері хабарландыру екі күн қатарынан жарияланғанын айтты. Осы уақыт ішінде бірнеше адам келген.
"Көмек керек болғандықтан, бастаманы өз мойнымызға алдық. Бұл - біздің көршілеріміз. Бұл кез келген адамның басына түсуі мүмкін және қазір оларға қиын. Адамдар мұнда, белгісіз жаққа, үйлерін тастап, отбасыларымен келеді. Қазір пәтерлердің бағасы өсті. Бәрінің ақшасы жоқ қой, қарапайым адамдар бар. Бұған дейін Томск қаласының жігіттері қалада тұратын, олар жақын жерде орналасты, біз олармен достасып кеттік, олар осында бірнеше күн болды, тамақтанды, олар бізге жақсы әсер қалдырды. Қолымнан келгенше көмектестім, білгенімді айттым, кейін әпкем екеуміз осындай бастаманы қолға алуды жөн көрдік", - дейді кәсіпкер Дәулет Насыров.
Дәулет Насыров
Қостанай
Қостанайда қиын жағдайға тап болған ресейліктерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған - Максим Глазков. Ол Ресейден қоныс аударушылар ағыны басталған кездің бірінші күні-ақ әлеуметтік желілерде көрші елден келген екі ер адамға баспана беруге дайын екенін жариялады. Себебі қонақүйлерде орын жоқ, ал жалға берілетін тұрғын үй бағасы шарықтап кеткен.
"Біреудің қайғысынан ақша табуды көздеген адамдарға таңғаламын. Сонымен қатар, мұндай ақша ешқашан бақыт әкелмейді және іс бастауға да жетпейді. Көмек көрсеткенім үшін ақы сұрамадым, жігіттер келді, қажет болғанша тұрыңдар, бір дастарқаннан тамақтанамыз, жайлы тұру үшін барлық жағдай жасалған дедім. Жылдар бойы жинағанның бәрін тастап, бірер минут ішінде шешім қабылдаудың қандай стресс екенін түсінемін", - дейді Максим Глазков.
Келесі күні Максим қонақтарына өз мекенжайы бойынша тіркелуге ғана емес, тағы екі келушіге де көмектесті. Қостанайда тұрақтаған ер адамдар оған өте риза. Сонымен қатар, мұндағылардың қонақжайлығына таңғалды.
Максим Глазков
Ақтөбе
Туристік фирма қызметкерлері Әсем Ілиясова, Индира Өсербай, Шолпан Есалиева, Алена Мырза, Әсем Баймұқанова және Айбек Көшербаев Ресейден келгендерге тегін тамақ беріп, ыстық шай құйып, маңызды мәселелер бойынша кеңес айтып, жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бірнеше күн ішінде олар жүздеген келушіге көмектескен.
"Бұл еріктілер орталығы емес. Біз жай ғана осы қиын жағдайда қалған адамдарға өз күшімізбен және қаражатымызбен көмектесуді жөн көрдік. Дастарханды өзіміз жайдық, шайға көп дәмді алдық, тамақ береміз, телефондарын зарядтауға мүмкіндік береміз, Wi-Fi тегін таратамыз. Жұмыс тауып, баспана табуға да көмектесеміз", - дейді турфирма қызметкері Айбек Көшербаев.
Диапазон
Семей
Семейде балалар жаттықтырушысы Ержан Амарханов ерлі-зайыпты мен бағдарламашы жігіттерді өз үйіне шақырған.
"Түнде кішкентай баласы бар отбасы келді. Жігіттің әйелі мұғалім екен. Олардың барар жері жоқ. Екі сағат бұрын тағы жігіттер келді, программистер. Соғысқа да, әскерге де дайын емес. Қатты шаршаған. Өздері де сенбейді. Қалай болғанын түсінбейді. Келіңдер, демалыңдар, мәселені ертең шешерміз дедім. Қалай көмектесем деп ойлап отырмын. Пәтерақыны көтермеңдерші, бұлай ақша тауып керек емес. Өтінемін, адам болып қалыңдаршы", - дейді ер адам видеода.
@user5658428466333 #моятиктоксемья❤❤❤❤? #хулиганка?? #чечня_95_ахмат_сила?аллахуакбар? #врекамендации??????????????????????????? #???????????????????? #семей #крымнаш?? #казахстан?? #россия?? ♬ оригинальный звук - Олеся Экстэзи
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек