Ақтауда ер адам мен әйел клининг қызмет жасаушы кейпіне еніп, сегіз пәтерді тонап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушілер полицияға жүгінгеннен кейін қылмыскерлер тез арада құрықталды. Олардың кінәсі тәркіленген мүліктер, айғақтармен дәлелденіп отыр.
Күдіктілер Ақтау қаласында бұрын есірткі сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы танысы болып шықты.
"Қазір екі адам да қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
ІІМ пәтерлерді тазалау қызметтері бойынша тек сенімді компанияларға жүгінуге кеңес берді.
"Ең тиімді жолы - тазалау процесін бақылауда ұстау. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда үйден құнды заттарды алып кеткен жөн. Бейнебақылау камераларын қолданған да жөн. Егер пәтерді тазалап болғаннан кейін заттарыңыз жоғалғанын байқасаңыз, дереу клининг компанияның қызметкерлері мен басшылығына хабарласыңыз. Егер жоғалған мүлік қайтарылмаса және табылмаса, онда полицияға жүгіну қажет", - деді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз