- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пәтер әперемін деп алдаған
“Пәтер сатып алуға көмектесемін“. Алматы облысында бірнеше алаяқтық жасаған ер адам ұсталды
Алматы облысында полиция бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адамды қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл ауданында жедел уәкілдер жүргізген іс-шаралар нәтижесінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұзынағаш ауылының тұрғыны бейтаныс адамның пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, өзінен 2 миллион 150 мың теңге көлемінде ақша алғанын айтты. Тергеу барысында күдіктінің тағы екі адамның алдап, оларға да пәтер және жер учаскесін сатып алуға уәде бергені анықталды. Сөйтіп ол жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Келтірілген шығынның жалпы көлемі - 7 миллион 375 мың теңге.
"Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарды кез келген мәміле жасау кезінде мұқият әрі сақ болуға шақырады", - деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан