- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пәтер сатушылар бағаны...
Пәтер сатушылар бағаны көтеріңкі бағаммен белгілеп жатыр
Қазақстанда пәтер сатушылар бағаны көтеріңкі бағаммен белгілеп жатыр, − деп хабарлайды "Крыша". 2 ақпаннан бастап Интернеттегі хабарландыруларда тауар бағасы ұлттық валютамен көрсетілді.
Бағаны доллармен көрсетуге тыйым салынудан бұрын Астанадағы тұрғын үйдің шаршы метрі 388 мың теңге (360 теңге бағамында бұл 1078 долларға тең еді) тұратын. Енді шаршы метрінің құны 447 мың теңге. Сондағысы бір апта ішінде 59 мың теңгеге немесе 15,2 пайызға көтерілен. Дәл осындай жағдай Алматыда да байқалып отыр, бұл қалада 10,1 пайызға қымбаттай түскен.
"Орташа бағаның көтерілуіне бірнеше себеп бар. Біріншісі, сатушылардың күтері. Хабарландыруларға қарағанда, авторлар бейресми, яғни болжам бойынша бағамға қарап белгілеп жатыр", − дейді басылымдағылар. Сатушылардың жартысынан көбінің пәтер бағасын долларды 415-420 теңгеге тең бағасында қойғаны айтылады.
Астананың бюджеттік тұрғын үй кешендерінде бағалар әрқилы. Мәселен, бірдей бір бөлмелі пәтерлердің шаршы метрінің құны 380-551 мың теңге аралығында саудаланып жатыр. Алматыда бұл сегменттегі баға айтарлықтай арзан. Кейбір нысандардағы құн − 260-430 мың теңге аралығында. Орташа көрсеткіш ретінде 335-377 мың теңге деп алуға болады. Алматы мен Астананың жоғарғы санатындағы жаңа салынған үйлерде 600-760 мың теңге аралығында.
Ендігіде сатушылар бағаны реттейді деген болжам бар.
С. Ерсін