- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Пәтер жағалап жүрмін“....
“Пәтер жағалап жүрмін“. Көкшетауда үлескерлер наразылыққа шықты
Көкшетауда баспаналы боламыз деп бар ақшасын сақалды құрылысқа салған үлескерлер наразылыққа шықты. Олар құрылыс компаниясына 80 миллион теңгеден астам қаражат құйған. Бірақ әлі күнге пәтер жағалап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"Ауылдағы үйімді сатып, осыған бар ақшамды салған болатынмын. Төрт жарым миллион, ойлайтын шығар, аз ақша деп. Бірақ ол маған өте көп. Қазір екі баламмен пәтер жағалап жүрмін. Бұл компанияның құжаттары, яғни рұқсаты да жоқ екен", - деді үлескер Ұлжан Баймағанбетова.
"Пәтер алу үшін былтыр сәуірде 10 миллион теңге салдым. 2024 жылдың бірінші маусымында құрылыс аяқталып, пәтер кілтін береміз деп уәде берген. Содан бері не пәтер, не ақшамыз жоқ. Ақшамызды қайтарамыз дейді. Бірақ осы уақытқа дейін ешкімге, ештеңе қайтарған жоқ", - деді үлескер Алма Мұкышева.
Көкшетау қаласындағы "Радужный" тұрғын үйінен пәтер аламыз дегеннің әрқайсысы 3 миллионнан 10 миллион теңге аралығында ақша құйған. Алайда нысан белгіленген уақытта бітпей, құрылысы баяулап, кейін мүлде тоқтап қалған. Бірі - ауылдағы үйін, екіншісі - қаладағы пәтерін сатып, "жаңа баспана аламыз" деген салымшылар енді сан соғып қалды. Ал құрылысқа жауапты компания басшысы қандай да бір мәлімет беруден бас тартты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек