- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пәтер иесі пәтерді...
Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?
Пәтерді жалға беру – бизнестің кең тараған түрі. Пәтерді жалға алған кезде оған тіркелу міндетті ме? Пәтер иесі тіркелуге рұқсат бермесе, не істеу керек? Бұл сұрақтарға заңгер Надежда Гельдт жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, ҚР "Халықтың көші-қоны туралы" заңы бойынша ішкі көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстырған жеке адамдар. Мысалы, азамат Астанадан Алматыға уақытша көшіп келсе немесе жұмыс істеуге келсе, ол ішкі көшіп-қонушы болып саналады.
"Бұл Заңның 51-бабына сәйкес ішкі көшіп-қонушылар ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелуге міндетті", - дейді Надежда Гельдт.
Пәтер иесі физикалық тұлғаны тіркеусіз тұрғызса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл жағдайда пәтер иесі мынадай сомада айыппұл төлеуге міндетті:
- Физикалық тұлға – 10 МРП (36 920 теңге);
- Кәсіпкерлік субъектілері – бизнес субъектісінің түріне қарай 15 МРП-ден 50 МРП-ге дейін (55 380 теңгеден 198 100 теңгеге дейін).