Партиядан қуылған Садықовтың орнына кім келгені белгілі болды

Партиядан қуылған Садықовтың орнына кім келгені белгілі болды
Фото: коллаж

"Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты Мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихаттың хатшысы.

Atyrau Construction services ltd ЖШС бас директоры қызметін атқарған. Тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.

Бұған дейін партия қатарынан әйел адамға ұятсыз хаттар жазды деген Асқар Садықов шығарылған болатын.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте "Ақ жол" партиясының жетекшісі Азат Перуашев депутат Асқар Садықов не үшін партиядан шығарылғанын түсіндірген болатын.

Перуашевтің сөзінше, партия атына Асқар Садықовқа қатысты бірқатар шағым түскен, онда айтылған жайттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылған. Сонымен қатар Перуашев Садықов әйел адамға ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткенін айтты. Асқар Садықов осыған қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол жалпы "халық игілігі үшін жұмыс істеп жүргенін" айтты. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина