- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Партиядағылар ренжитін шығар...
"Партиядағылар ренжитін шығар деп ойладым". Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы айтты
Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы "7 арнаға" берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, сұхбат берер алдында қалжыңдап, "Мен в Аманате" деп айтқан бейнежазбасы таралып кеткен.
"Жайдарманда осы "Мен в Аманате" дегенді естігенмін. Кейін журналистер келіп, сұхбат беруімді сұрады. Артымда түрлі партиялардың бильбордтары тұрған. Мен "Аманаттың" артында тұрсам, журналист "былайырақ тұрыңызшы" деп өтінді. "Несі бар, мен сол партиядан сайландым ғой" деп жаңағы әнді айтып тұрғанмын. Кешкісін сол айтқанымды бәрі жібереді. Сөйтсем, оператор білдіртпей түсіріп алыпты. "Парламенттегілер ренжитін шығар" деп ойладым. Бірақ, жақсы қабылдады, тіпті "қайдан ойлап таптың?" дегендер де болды", - деді депутат.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы