- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Партия органдары қарсы...
"Партия органдары қарсы болды". Танымал әнші топтың атауына қатысты ешкім білмейтін құпияны айтты
"Дос-Мұқасан" ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынұлы топтың атауына қатысты біраз сырды "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, топтың атауын белсенді студенттер қойған.
"Ол кезде студенттік ұжымбыз ғой. Біз "бұл ансамбль атақты болады" деп ойламадық. Халық бұл атқа таңданып жатады. Алғашқыда партия органдары қарсы болды. Бірақ, топтың атын солай өзгеріссіз қалдырдық", - деді ол.
Өнер иесі топтың құрамы бірнеше рет өзгергенін айтты.
"Төртеуміз жүре беруге болар еді. Топ құрамына бір әнші қосамыз ба деген ой бар. Кім болатынын білмеймін. Тенор дауыстағы әнші болуы мүмкін. Жалпы топтың құрамы 30-31 рет өзгертті. "Дос-Мұқасанның ғұмыры жалғасар береді", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы