Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының пікірінше, Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес.
"Парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады", - деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!