“Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес“ - Президент

“Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес“ - Президент
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының пікірінше, Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес. 

"Парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады", - деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Президент бір палаталы Парламент құру бастамасын көтерді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget