Парламент 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген көліктерді заңдастыру үшін бастапқы тіркеу ретінде төлем құнын белгілеуді көздейтін салық кодексіне түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Енді Қазақстанда шетелдік көлікті бастапқы есепке 200 мың теңгеге қоюға болады. Жалғыз шарт көлік 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін елге әкелінуі керек. Сенат заң қабылдады, ол Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілген.
"2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркеу үшін бірыңғай төлем құнын белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті бюджетті көлікке салынатын салықпен толықтырады", - деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.
Сенатордың айтуынша, өзгеріс салық төлеушілерге, мемлекет мүддесіне, сондай-ақ ел экономикасына оң әсер етеді.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шара ұсынған енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!