Парламент Салық кодексіне түзетулер енгізеді

Парламент Салық кодексіне түзетулер енгізеді
Фото: Midjourney

Биыл Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Бірақ оны қазіргі Парламент емес, жаңа құрам, яғни Құрылтай жүзеге асырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қазіргі шақырылым депутаттары Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қарап үлгеретінін мәлімдеді. Алайда олар Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты болмақ.

"Меніңше, олар осы сессияда қаралады, өйткені бұл алдағы жұмыс үшін қажет. Сессия маусымның соңында аяқталады, содан кейін өзгерістер Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі", - деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, вице-премьер Президент айтқан және арнайы жобалау кеңсесі талқылап жатқан түзетулер күзде жұмысын бастайтын Құрылтай міндетіне кіретінін нақтылады.

"Түзетулердің екі түрі бар. Конституцияны өзгертуге байланысты түзетулер Мәжілісте екенін айттым. Біз "баскет пакет" деп аталатын жиынтықты қалыптастырып жатырмыз. Бұл - жаңа өзгерістер ретінде 100 пайыз енгізілетін дүниелер. Онда 50-ге жуық өзгеріс бар. Тиісінше оларды Парламенттің жаңа құрамымен енгіземіз. Оларды биыл жыл соңына дейін қабылдаймыз деп үміттенеміз", - деді ол.

Айта кетейік, қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді тапсырды.

Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов Серік Жұманғаринге халық пен бизнестен Салық кодексі бойынша түскен ұсыныстарды жинақтап, талдауды тапсырды.

Осыдан кейін Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін екенін растаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget