- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Парламент отырысы жаппай...
Парламент отырысы жаппай төбелеске ұласты
Парламент отырысы жаппай төбелеске ұласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Taiwan News-ке сілтеме жасап.
Тайвань депутаттары жаппай төбелес шығарды. Негізгі оппозициялық партия Гоминьдан парламентке үкіметті бақылау үшін көбірек өкілеттіктер беруді ұсынды. Алайда Лай Демократиялық прогрессивті партиясының жақтастары бұл түзетулерді "билікті конституцияға қайшы теріс пайдалану" деп бағалады.
Депутаттардың бірі заң жобасының мәтінін қолына алып, залдан қашып кетті. Демократтар шенділерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы қадамға қарсы шықты. Өйткені олар жиі жалған мәлімдемелер жасайды.
Төбелес салдарынан жиында халық өкілдері зардап шекті. Біреуін залдан зембілмен шығарып, ауруханаға жеткізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек