Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы депутат Сәкен Жылқайдаровты еске алумен басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Барлығы Алланың қолында. Сәкен Егінбайұлының жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Отбасына, туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Орны толмас қаза үшін қайғырамыз. Сәкен Егінбайұлын бір минут үнсіздікпен еске алайық", - деді Парламенттің төменгі палата спикері Қабиболла Жақыпов.
Еске сала кетейік, 14 қазанға қараған түні мәжілісмен Сәкен Жылқайдаров өмірден өтті. Ол 2012 жылдың қаңтарынан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болған.