- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Парламент ғимаратының терезесінен...
Парламент ғимаратының терезесінен секіріп қашқан депутат қамауға алынды
Тергеушілерден жасырынып, парламент ғимаратындағы кеңсе терезесінен секіріп кеткен қырғызстандық депутат Эмил Жамғырчиев бір айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.
Қызғызстан МҰҚК-нің тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы бойынша депутат Эмил Жамғырчиев 26 ақпанға дейін қамауға алынды. Мұндай шешімді Бірінші Май аудандық сотының кезекші судьясы Миран Шерматов шығарды.
Бұлтартпау шарасы шекараны заңсыз кесіп өту дел бойынша таңдалғаны белгілі. Эмил Жамғырчиев 26 ақпанға дейін қамауда болады.
Депутат бұл шешіммен келіспейтінін, адвокатымен бірге дауласатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол өзін кінәлі деп санамайтынын және өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін 9 қаңтарда Эмил Жамгырчиев тергеушілерден жасырыну үшін парламент ғимаратының 2-қабатындағы кабинетінен секіріп кеткен еді.
Депутатқа қатысты 2022 жылғы желтоқсанда Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іс қозғалды. Өзбекстанда екі іс қозғалды: мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту және алаяқтық дерегі бойынша.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек