- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Парламент елордаға Астана...
Парламент елордаға Астана атауын қайтаруға дауыс берді
Парламент елордаға Астана атауын қайтаруға дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысты қабылдады.
Қыркүйектің басында "Жаңа Қазақстан" депутаттары елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынған еді.
Бастамаға тоқталған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бұл идея қоғамда бұрыннан талқыланып келе жатқанын айтты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ұсыныста "ешқандай саяси астар жоқ" деді.
Еске салайық, бұған дейін Астана атауын қайтару туралы ұсыныс Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай бұл ұсынысқа қатысты пікір білдірді.
Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейтіні де айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгертуді 2019 жылғы 20 наурызында Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатқан күннің ертесінде ұсынған болатын. Сонда Тоқаев бұл Елбасының атын Қазақстан тарихында мәңгілікке қалдыратынын айтты. Парламентте елорда атын өзгертуге Сенат депутаттарының 43-і және Мәжілістің депутаттарының 103-і дауыс берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек