- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Париждегі олимпиадаға жету...
Париждегі олимпиадаға жету үшін қалтаңызда қанша теңге болуы керек?
Санаулы күннен кейін әлем назары Парижде өтетін XXXIII Жазғы Олимпиадада болады. Оған қалай баруға болады? Парижге дейін ұшақ билеті қанша? Франция астанасында қайда орналасуға болады? Олимпиаданы қайдан тамашалаймыз? Толығырақ Massaget.kz материалында.
Францияға қалай кіреміз?
Парижге аттанбас бұрын алдымен Визаға құжат тапсырамыз.
Егер сізде Шенген визасы болса, құттықтаймыз, сіздің шаруаңыз жеңілдейді әрі уақытыңыз үнемделеді. Ал виза болмаса, тезірек кезекке тұрып, құжат тапсыруға дайындалыңыз.
Виза алу үшін мына сайтқа өтіп, құжаттарыңызды дайындаңыз:
- Виза алу үшін өтініш; (Мына сайтта толтырасыз, мына жерде көмекші құрал)
- төлқұжат;
- 3х4 сурет;
- Қонақүй немесе тұратын жеріңізді растайтын құжат;
- Жұмыс орнынан анықтама (Онда лауазымыңыз, жалақыңыз және еңбек демалысы туралы бұйрық көрсетілуі керек);
- Шотта қаражаттың бар-жоғы туралы банкт анықтамасы;
- Отбасылық жағдайды растайтын құжат;
- Медициналық сақтандыру;
- Ұшақ билеті.
Виза құны - 80 еуро немесе 42 мың теңге.
Тұрар Қазанғапов
Ұшақ билетінің құны қанша?
Алматы-Париж бағыты бойынша ұшақ билетінің бағасы 189 мың теңгеден басталады. Біз сізге сапарға 1-2 күн бұрын ерте шығуды ұсынамыз, себебі, біріншіден, олимпиаданың ашылу салтанатына үлгермей қалуыңыз мүмкін, екіншіден, жолға кететін уақытты дұрыс есептеген абзал.
Оның үстіне, бара-бара билет бағасы қымбаттай түседі. Мәселен, 24 шілдеде билет 189 мыңнан басталса, 25 шілдеде 219 мың теңге, ал 26 шілдеде билет құны керісінше арзандап, 216 мың теңге болып тұр.
Сонымен, бұл күндері билетке шамамен 200-300 мың теңге жұмсайсыз. Бұл - тек бір бағытқа бағытталған баға.
Google скриншот
Ал Астана-Париж бағыты бойынша билет құны 279 мың теңгеден басталады.
Google скриншот
Қай жерде тұрақтасам болады?
Виза мен билетті алған соң келесі мәселе - қонақүй.
Олимпиаданың ашылуы Париждегі Сена өзенінің маңында өтеді. Сондықтан арнайы сайттардан осы жерден қонақүй алғаныңыз дұрыс. Бұл маңдағы қонақүйлердің бағасы 1 ересек адамға 50 мың теңгеден басталады. Шамамен 10 күн болсаңыз, қалтаңызға 500 мың теңге керек.
Google скриншот
Олимпиадаға билет
Олимпиадаға билет сатып алу ұсынылады. Ол үшін ресми сайтта тіркеліп, өзіңізге ұнайтын спорт түріне билет сатып алыңыз.
Мұнда билет құны әртүрлі және билеттері тек ресми сайттан алу ұсынылады. Мәселен, күрес секциясының 4 категориясына билет әртүрлі бағада.
Бірақ қамықпаңыз, кей ойын түрлеріне кіру тегін болады.
Google скриншот
Бұдан басқа, Олимпиада ұйымдастырушылар ұсынған арнайы қонақжай және саяхат пакеттері бар. Бұл туралы ақпарат та ресми сайтта бар.
Қонақжай пакеті 85 еуро немесе 45 мың теңге болса, саяхат пакеті 259 мың теңге тұрады.
Қорытындылай келе, виза, ұшақ билеті мен тұруыңызға кем дегенде 1,5 миллион теңге қажет.
Айта кетейік, 17 шілдеде Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Франция астанасында 80 атлетіміз спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады.
Еске салайық, бұған дейін олимпиадада қазақтың намысын қорғайтын спортшылардың киімі наразылық тудырған еді. Massaget.kz тілшісі форма дизайнын кім жасап шығарғаны, оған қанша қаражат кеткенін анықтап көрген еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек