Байдаркадан ерлер командасы Париж Олимпиадасын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Париж Олимпиадасында байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер командасы ширек финалда жарысып, мәреге соңғы болып жетті.
Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбының уақыт көрсеткіші - 1:37.58 секунд.
Осылайша, Бекарыс пен Сергей жүлдеге таласа алмайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз