Париждегі байдаркада 500 метрге жарыста қазақстандықтар мәреге соңғы болып жетті

Париждегі байдаркада 500 метрге жарыста қазақстандықтар мәреге соңғы болып жетті
Фото: olympic.kz

Байдаркадан ерлер командасы Париж Олимпиадасын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Париж Олимпиадасында байдаркада 500 метрге жарыста Қазақстан ерлер командасы ширек финалда жарысып, мәреге соңғы болып жетті.

Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбының уақыт көрсеткіші - 1:37.58 секунд.

Осылайша, Бекарыс пен Сергей жүлдеге таласа алмайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан