Медициналық сараптамаларға сәйкес алжирлік боксшының ер адам екені дәлелденді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылы Париж олимпиадасында бокстан қыздар арасында алтын медаль жеңіп алған Алжир боксшысы Иман Хелифтің медициналық құжаты жарияланды.
Медициналық тексеріс спортшының жатыры мен аналық бездері жоқ екенін көрсетті. Спортшының бойында аталық бездердің және микропенистің бары анықталды. Ал гормонды зерттеу нәтижесінде алжирлік боксшыдан 14,7 нмоль/л "ерлердегі тестостеронның әдеттегі деңгейі" анықталды. Айта кетейік, медицинада бұл көрсеткіш әйелдердегі ең жоғары тестостерон деңгейінен бірнеше есе жоғары.
Еске салайық, 2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифті Үндістандағы әлем чемпионаты кезінде жарамдылық критерийлеріне сәйкес келмегендіктен ойыннан уақытша шеттеткен. Гендерлік тест нәтижесінде спортшының XY хромосомалары бар екені дәлелденген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз