Париж Олимпиадасының тағы бір жүлдегері үйленді

Париж Олимпиадасында қола медаль иеленген қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбеков үйленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай ақпарат dopmedia.kz сайтында жарияланды. 

Грек-римнен күрес шебері Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының ұзату тойы өтті. Той Қырғызстанның Талас қаласында өткен. Спортшы өзінің қалыңдығымен бір сыныпта оқыған. Жоламан Шаршенбековтің қалыңдығының есімі - Айхан. 

Еске салайық, Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 60 кг дейінгі салмақта сынға түскен Жоламан Шаршенбеков қола медаль алған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!