- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Париж Олимпиадасының қола...
Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері елге оралады
Париж Олимпиадасының қола жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев елге оралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Нысана көздеуден Олимпиаданың қола жүлдегерлері Александра Ле мен Ислам Сәтпаев бүгін елге, Қазақстанға жол тартты. Париждегі керемет нәтиже үшін рахмет", - деп хабарлады Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Париждегі Олимпиадада ең алғашқы жүлдені Қазақстан иеленді.
Париж Олимпиадасының алғашқы күнінде 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды. Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.
Бұл медаль 2024 жылғы Олимпиадада берілген алғашқы медаль болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан