Париж Олимпиадасында жеңіліп қалған боксшыға қазақстандық кәсіпкер тұлпар сыйлады

Қазақстандық кәсіпкер боксшы Сәкен Бибосыновқа тұлпар сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол Азамат Аман есімді адамға алғысын айтқан. 

"Азеке, тұлпар үшін рахмет! Сіз бізді әрқашан қолдайсыз, көмегіңізді аямайсыз. Алла пейіліңізге берсін", - деп жазды боксшы.

Азамат Аман Париж Олимпиадасына қатысып, жеңілген боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлына да тұлпар сыйлаған. 

Ол "Батырлар, біз үшін чемпионсыңдар. Тұлпар құтты болсын!", - деп жазды. 

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында Өзбекстан спортшысы Хасанбой Дусматовтан жеңіліп, жарысты аяқтаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз