Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтар не істеуі керек? Смадияров кеңес берді

Париж Олимпиадасына баратын қазақстандықтар жергілікті биліктік талабын мүлтіксіз орындауы қажет. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Олимпиадаға баратын азаматтарымызға кеңес бергім келеді. Ол жаққа адамдар өте көп келетіндіктен жергілікті билік қауіпсіздік шарасын күшейтеді. Олардың талабын мүлтіксіз орындау шарт. Әрине, ең алдымен қауіпсіздік туралы ойлану керек. Кез-келген форс-мажор жағдай туындағанда дереу Париждегі елшілігімізге хабарласу қажет. Біз оларға көмектесеміз", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, биыл 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның астанасы Парижде жазғы Олимпиада ойындары өтеді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!