Париж олимпиадасы: Қазақстан туын кімдер ұстайды?

Париж олимпиадасы: Қазақстан туын кімдер ұстайды?
Фото: olympic.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан туын спортшылардан кімдер ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірше белгісіз. Лицензиялық турнирлер енді бітеді, содан кейін оның атын айтамыз.

Қазір (Надежда Дубовицкаяда) лицензия жоқ. Егер спортшыда лицензия болса, бұл мәселені қарастырамыз. Бірақ қыз болатыны анық", - деді Ермек Маржықпаев Үкімет отырысынан соң.

Айта кетейік, биыл 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында XXXIII жазғы олимпиада Франция астанасы Парижде өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен