Париж-2024: Қазақстан қоржынында қанша медаль бар?

Париж-2024: Қазақстан қоржынында қанша медаль бар?
Фото: ©fattiretours.com

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары аяқталады. Қазақстан құрамасы қоржынға қанша жүлде салды? Толығырақ Massaget.kz материалында.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 23:15-те болады. Әлішер Ерғали Қазақстан үшін медаль алып келуі мүмкін болған соңғы спортшы еді. Алайда балуан ирандық Әмір Азапиреге есе жіберді.

Нәтижесінде, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтады.

Алтын: 

  • Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль жеңіп алды.

Күміс: 

  • боксшы Нұрбек Оралбай, 
  • гимнаст Нариман Құрбанов,
  • грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс иеленді.

Қола:

  • дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев,
  • боксшы Назым Қызайбай,
  • нысана көздеушілер Александра Ле мен Ислам Сатпаев қола жеңіп алды. 

Қазақстан ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола еншілеп, 206 мемлекет ішінен 41 орында тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек