Атырау облысы Индер ауданының тұрғыны Парасат Нұрғалиев Қазақстанның рекордтар кітабына "Елдегі ең алып адам" болып енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, еліміздегі ең үлкен аяқтың да иесі Парасат екен. Оның аяқ киімінің өлшемі - 56.
Айта кетейік, Парасаттың бойы 218,5 сантиметр, салмағы 150 келі.
Ол Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат округіне қарасты Құрылыс ауылында анасымен бірге тұрады. Әкесі қайтыс болған. Жасы 27-де.
Анам айтатын, сен ерекше салмақта туылмағансың, көппен бірдей болдың деп. Менің әжем Әуез аса етжеңді болмағанымен, ірі болған. Әкем де осал болған жоқ, жауырынды, денелі еді, қолының өзі дәу болатын. Мені көргендер әкеңе тартқансың дейді. Ал ағаларым мендей емес, бойлары орташа", - дейді Парасат.
Парасат кез келген сауда орнынан өзіне шақ киім таба алмайды, сондықтан киімді оған тігінші туысы тігіп беретін көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!