Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек белгілі дзюдошының жары болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмарал Науатбек - 2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы атанған Мәди Амангелдіге 2022 жылы тұрмысқа шыққан.
Қазақстан тарихындағы парадзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбек күйеуімен спортта жүріп танысқан.
Қазір Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады. Спортшылар әр жарыста бір-бірін қолдап, жанкүйер болып жүреді екен.
Мәди Амангелді жары Парижде жарысқа қатысқанда қасында болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!