Петропавл тұрғыны парақшасына террористік ұйымның туын қойғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Петропавл қаласының 53 жастағы тұрғыны террористік ұйымының туын мобильді қосымшадағы парақшасына қойған.
Бұл деректі Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларды өткізу барысында анықтады.
"Ер адам қойған суретке Қазақстан Республикасының аумағында Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынған. Нәтижесінде мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен құқықбұзушы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ірі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері елге экстремистік әдебиеттерді әкелу әрекетін тоқтатты, сондай-ақ, интернет арқылы діни материалдарды заңсыз тарату бойынша 5 деректі анықтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!