- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Параға қой бермек...
Параға қой бермек болған. Одан бас тартқан полицей марапатталды
Ақмола облысында колониядан шыққан ер адам полиция қызметкеріне қой беріп, өзімен бірге тұратын әйелді пробация тексеруінен босатып алмақ болған. Одан бас тартқан полицей марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазанның ортасында Ақмола облысында колониядан шыққан ер адам ҚАЖД қызметкері Салтанат Жакеноваға қоңырау шалып, оған бір қой мен "ай сайынғы азық-түлік сыйақысын" ұсынып, өзімен бірге тұратын әйелді пробация тексеруінен босатып алмақ болған.
Осыған байланысты 37 жастағы ақмолалық ұсталып, оған қатысты пара беру туралы қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың жолын кескені үшін полиция қызметкері медальмен марапатталды.
Айта кетейік, Ақмола облысы бойынша ҚАЖД Егіндікөл ауданының пробация қызметінің инспекторы Салтанат Жәкенова "Қылмыстық атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Ол ІІО-да 2020 жылдың наурызынан бері жұмыс істейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек