Пара беруге итермелеген, құжатты қолдан жасаған: Түркияға қашқан ер адам экстрадицияланды

Пара беруге итермелеген, құжатты қолдан жасаған: Түркияға қашқан ер адам экстрадицияланды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан азаматы Түркия Республикасынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Астана прокуратурасы мәліметінше, ол алдау арқылы жәбірленушіні қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 30 млн теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ, ресми құжатты қолдан жасаған.

Сот отырысы

Алқабилер қатысқан сотта айыпталушы пара беруге айдап салғаны, алаяқтық жасағаны, құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget