Пара бермек болған Астана тұрғыны сотталды

Пара бермек болған Астана тұрғыны сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Пара бермек болған Астана тұрғынына қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.Ж. Әбдікәрімовке қатысты үкім шығарды.

Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына 250 мың АҚШ доллары сомасында пара беруге және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина