Ханчжоуда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында брасс стилімен жүзіп өту жарысында Нұрдәулет Жұмағали алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз 100 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде үздік шықты.
Нұрдәулет 100 метрді 1:05.92 уақыт көрсеткішімен жүзіп өтіп, бірінші келді. Қола медальды қазақстандық Нұрәлі Советханов иеленді.
Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші алтын медаль. Бұған дейін дзюдошылар Ақмарал Науатбек, Олжас Оразәліұлы, Ерғали Шамей мен пауерлифтингтен Давид Дегтярев чемпион атанған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!