Пара алу, бюджет қаржысын жымқыру: ҰҚК биыл қандай қылмыстарды әшкереледі?

Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы былтырғы жұмысты қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолы кесілген.

"1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды. Сыбайлас жемқорлық дерегінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты", - деп жазылған хабарламада.

Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылған. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынған.

"Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!