- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Папа, папа" деп...
"Папа, папа" деп жүгірген кішкентай бала да бар". Режиссер Еркін Рақышев "Жаралы сезімнің" екінші бөлімін түсіріп жатыр
Жақында "Жаралы сезім" фильмінің екінші бөлімі жарыққа шығады. Бұл туралы режиссер Еркін Рақышев "Менің өмірім" Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінге дейін барлығы 20 фильм түсірдім. Жақында "Жаралы сезімнің" 2 бөлімі шығады. Мен бірінші бөлімдегі барлық әртістің ойнағанын қалап едім, бірақ белгілі бір себептерге байланысты басты кейіпкердің бірі Арай фильмге түспеді. Арай өзінің Желідегі парақшасында "біз режиссермен гонорарға келісе алмадық" деп жазған болатын. Оның сұраған гонорарын мен бере алмаймын, қымбат баға. Қиыншылық болса, мен одан да жақсы жағына шығамын деген ұстанымым бар. Бұл жағдайда да мен қуандым, яғни осылай болуы керек. Арайдың орнына біз Асем есімді қыз таптық, өзі актриса әрі бұрынғы Арайдан аумайды, әртістік шеберлігі керемет. Асемнің бойындағы дарын халыққа жетуі керек деп ойлаймын. Мен сценарийді өзім жазамын, құрастыра аламын. "Жаралы сезім 2" менің көңілімнен шығады, бірінші бөліміндегі сапа мен актерлерді халық енді қабылдамайды. Барлық сахна Алматыда түсірілді. "Папа, папа" деп жүгірген кішкентай бала естеріңізде бар шығар, басты рөлді сол жігіт ойнайды. Мен киноны халыққа бір берері болсын, тәрбиесі, мән-мағынасы болсын деген ниетте түсіремін.
Қызды ұнатып жүрген екі бірдей жігіт бар, екеуінде де шын сезім. Бірақ қыз екеуінің біреуін таңдау керек, жігіттің бірі қайғырады, қасірет шегеді, бұл қыздың шешімі. Қыз қиын таңдауға тап келеді, таразының бір басында ата-анасы, екінші басында отан. Бұл кез келген көрерменді толғандыратын мәселе. Фильмде басты рөлдегі кейіпкер осындай жағдайға түседі", - деп қорытындылады режиссер.
Айта кетейік, бұған дейін "30 млн". Еркін Рақышев "Жаралы сезім" фильмін түсіру кезіндегі қиындықтар жайлы айтқан болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жер сілкіністері неліктен көбіне түнде болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә