- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Панкреатит ауруының алғашқы...
Панкреатит ауруының алғашқы белгілері қандай?
Панкреатит - ағзада қанттың өңделуін реттейтін ас қорыту ферменттері мен гормондар шығаратын орган - ұйқы безінің қабынуы. Америкалық дәрігер аурудың алғашқы белгілері қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Панкреатит ас қорыту ферменттері ұйқы безінде белсендіріліп, жасушаларды тітіркендіріп, қабынғаннан пайда болады. Панкреатиттің жедел түрі кенеттен пайда болып, бірнеше күн мазалайды. Жедел панкреатит бірнеше жылға созылып, қайта-қайта ауырсыну тудыратын болса, ұйқы безі зақымдалып, созылмалы панкреатитке әкеп соқтыруы мүмкін.
Жедел панкреатиттің белгілері:
- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы;
- іш бүріп ауырып, арқаға өтуі;
- асқазанды ұстаған кезде ауыруы;
- жоғары дене қызуы;
- тамырдың жиі әрі жылдам соғуы;
- жүрек айну;
- құсу.
Созылмалы панкреатиттің белгілері:
- іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы;
- тамақтанғаннан кейін іштің ауыруы;
- ешқандай күш жұмсамай салмақ тастау;
- жағымсыз иісі бар майлы нәжіс.
Панкреатиттің даму қаупін арттыратын факторларға алкогольді шамадан тыс тұтыну, темекі шегу, семіздік, қант диабеті және тұқым қуалаушылық жатады.
Айта кетейік, бұған дейін "Майлы тамақты көп жеу, өт қабына тас байлану". Панкреонекроз ауруы жайлы не білу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы неге тең?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә