Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Facebook-те жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.
"Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды! Күдікті жергілікті бөлімдегі әскери қызметші болуы мүмкін", - дейді журналист.
Журналист мемлекеттік органдар бұл істі жауып тастай ма деп күдіктенеді.
Бұл оқиғаға қатысты Панфилов ауданының білім бөлімі өкілдері пікір білдірді.
"Кәмелетке толмаған оқушыға қатысты жасалған қылмыс туралы 15 желтоқсанда белгілі болды. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін барлық жауапты тұлғаға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауында", - деді білім бөлімі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!