Пәкістанда террорист вокзалды жарып, 25 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Пәкістанның оңтүстік-батысында Белуджистан провинциясындағы Кветта теміржол станциясында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жарылыс таңертең Пешаварға баратын рейске адам көп жиналған кезде болған.

Жарылғыш құрылғыны жанкешті басқарғаны анықталды. Террористің өзін қосқанда 25 адам қаза тапты, онда 50-ге жуық адам жарақат алды.

"Жергілікті билік 100-ге жуық жолаушы Балужистанның аласапыран провинциясының астанасы Кветтадан Равалпинди қаласына баратын пойызды күткенін хабарлады. Шабуыл үшін жауапкершілікті "Балучистанды азат ету армиясы" сепаратистік тобы өз мойнына алып, жанкешті теміржол вокзалындағы әскери қызметкерлерге шабуыл жасады деп мәлімдеді. Бұл заңсыз формация Исламабадтан тәуелсіздікті талап етіп, ұзақ уақыт бойы бүлікшіл күрес жүргізіп келеді", - деп хабарлайды басылым.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!