Соңғы 48 сағат ішінде Пәкістанға жауған қатты жаңбырдың салдарынан 29 адам қаза тауып, тағы 50 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "belta.by" сілтеме жасап.
Жауын-шашын салдарынан бірнеше үй құлады, ал жаңбырдан кейін көшкін болып, әсіресе елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында жолдар жабылды.
Соңғы мәліметтер бойынша, бейсенбі кешке Хайбер-Пахтунхва провинциясында ауа райына байланысты оқиғадан шамамен 23 адам қайтыс болды. Су тасқыны салдарынан елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында тағы 5 адам қаза тапты
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Сәресіне тұрмай ораза ұстауға бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!