Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті

Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Пәкістан премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысын Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Екі ел басшылары бірге суретке түскен соң Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget