Әнші Сейфуллин Жолбарыс ең көп гонорары қанша болғанын айтты. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біраз жыл өтіп кетті одан кейін. Ол кезде дағдарыс жоқ еді. Бір күндік жұмыс емес. 50 мың долларды берген адам "қай күні болса да хабарласа аламын, баламның да тойына шақыра аламын" деп біліп отыр. Әлі солай болып келе жатыр. Ол кісінің атын айта алмаймын. Ондай жақсылық істегендер көп. Көлік бергендер бар. Бір тойға келіп, көлік мінген жалғыз мен емес, ондай әншілер көп. Шын мәнінде, ең үлкен гонорарымды пакетпен берген иіссу деп ойлап қалыппын, қоя салыппын. Көмекшісі келіп "Әй, Сейфуллин, пакетті абайла" дейді. "Абайлағанда, тұр ғой" деймін. "Ашып көр" деді. Сөйтсем, ішінде 50 мың доллар жатыр екен", - деді әнші.
Айта кетейік, Сейфуллин Жолбарыс - белгілі әнші. Ол алғашында "Жас қанат" байқауы арқылы өнер әлеміне келген. Одан кейін "Азия дауысы" байқауына да қатысқан. Әншінің "Сені іздедім", "Арнау", "Қайдасың қайда" секілді әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!