Түркістан облысы Қазығұрт ауданында қарт әйел жылдар бойы жинаған ақша шатырдан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазығұрт ауданында полицияға жеке тұрғын үйдің шатырынан қомақты ақша табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері тексеріс барысында 5 миллион теңгеден аса ақша салынған бірнеше пакетті тапқан.
Жанашыр тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеп беруге ниет білдіріп, іске кіріскен. Жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған қомақты қаражат тауып алған.
Олар бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесінің айтуынша, бұл қаражатты жылдар бойы жинаған.
"Барлық жағдай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады. Полиция бөтен біреудің мүлкі немесе ақшасы табылса, бұл туралы құқық қорғау органдарына тез арада хабарлау қажет екенін ескертеді", - деді ІІМ өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!